Skip to content

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы…

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің мектеп кітапханасында Республика күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушыларға таныстырылды.
Көрменің мақсаты – Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі – туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту. Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Адамзат баласы үшін Отан дегеніміз – кіндік қаны тамған жер. Отан – адамның таңдауға болмайтын әрі жан-тәнімен сүйетін мекені.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *