ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАЛҚАШ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 5 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 139 бабына сәйкес төмендегі бос лауазымдарға қабылдау үшін конкурс жариялайды.
1. Қабылдау 2023-2024 оқу жылына жүргізіледі.
2. Еңбек ақы мөлшері білім деңгейіне, еңбек өтіліне, біліктілік санатына байланысты төленеді.
3. Қажетті құжаттар тізімі:
➢ Байқауға қатысу туралы өтініш;
➢ Жеке басты құжаттың көшірмесі;
➢ Кадрлық есепке алу үшін жеке нысанда толтырылады (нақты тұрғылықты жердің мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);
➢ Білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттарының көшірмелері;
➢ Ұлттық біліктілік тестілеудің сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе модератор-педагог, сарапшы-педагог, зерттеуші-педагог, магистр-педагог біліктілік санатының сертификаты (бар болса);
➢ Біліктілік санаты, ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
➢ Еңбек қызметін растайтын құжаттарының көшірмесі (бар болса);
➢ Алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат (еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде);
➢ Кәсіби жетістіктердің көрсеткіштері (білім алушылардың дипломдары, олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының грамоталары, ғылыми жобалары; мұғалімдер мен олимпиадалар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары, мемлекеттік награда, авторлық жұмыстар және жарияланымдар, пәндік дайындық сертификаттары;цифрлық сауаттылық сертификаты);
➢ Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың (ЖОО-ның өзіндік үлгідегі құжатының көшірмесі, диплом, диплом қосымшасы (наториалды расталған);
➢ Кадрларды есепке алу жөніндегі іс парағы және 5х6-2дана, 3х4-2дана фото;
➢ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
1. Нейропсихиатриялық ұйымының анықтамасы;
2. Наркологиялық ұйымының анықтамасы;
3. Соттылығының жоқтығы (болуы) туралы анықтама;
4. Тубекулезге қарсы диспансерден анықтама;
➢ Түйіндеме.