Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласының «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ -де, «XXl ғасыр- сауатты ұрпақ ғасыры!» оқу сауаттылығы апталығы аясында, 8-11 сынып оқушылары арасында эссе байқауы өтті. Мақсаты: Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру негізінде гуманитарлық пәндердің мүмкіндіктерін анықтай отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын, жеке, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Апталықтың жоспары бойынша ұсынылған тақырыптар: С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттер, “Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы”, «Сенің болашақ мамандығыңның адам өмірін сақтаудағы маңызы қандай деп ойлайсың?» , «Талаптан да білім мен өнер үйрен…» т.б.
Жұмыстар бағалау критерийлері арқылы іріктелді. Ең үздік эссені іріктеу кезінде мынадай шарттар ескерілді:
• ой тұжырымының логикасы мен образдылығы;
• эссенің мазмұнын анықтайтын ойдың тереңдігі мен тақырыптың ашылуы;
• жазба тілінің сапасы;
• сауаттылығы (орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателері).
Эссе талаптарына сай орындалған жұмыстар апталықты қорытындылау жиынында марапатталады. Пән мұғалімдері: Адамбаева Б.Т. Имангалиева Ж.М.
#оқу сауаттылығы- 2023
#апталық
#balkash_qalasy_bilim_bolimi
#goroo_balkash
@obb_garagandy
@umcktg
г.Балхаш ГУ “Отдел образования”
#ҚОББтәрбие