Skip to content

Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласының «№5 жалпы білім беретін…

Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласының «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ -де, «XXl ғасыр- сауатты ұрпақ ғасыры!» оқу сауаттылығы апталығы аясында, 10 А сынып оқушылары арасында «Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру үшін мәтінмен жұмыс жасау жолдарының тиімділігі» тақырыбында шеберлік сынып өтті.
Мақсаты: Оқушылардың бойына функционалдық сауаттылық , өмірге қажетті құзырлықтар жиынтығын дамыту, әр түрлі мәтіндермен жұмыс жасаудың жолдарын қарастыру.
Міндеттері:
-оқу мақсаттарын жүзеге асыру;
-оқушының рухани өсуіне жағдай туғызу;
-өзгермелі өмірге өзін даярлау;
-жаңалықтарды қабылдауға ынтасын арттыру
Сауатты оқу – бұл мақсатқа қол жеткізу, білім мен әлеуетті дамыту, қоғамға қатысу үшін жазбаша мәтінді түсіну, пайдалану, көрсету және жұмыс жасау» дегендей, мәтіннің қызметін таныту – оқушыға тіл бірліктерін функционалдық тұрғыдан танып-білуіне, сол арқылы логикалық ойлауы бірізді қалыптасуына мүмкіндік береді.
Шеберлік сыныпта оқушылар жұппен, топпен бірігіп әр түрлі тұтас мәтін, жадағай (тұтас емес) мәтін, аралас мәтін, құрамдас мәтін мәтіндердің құрылымын, қызметін талдап, өздерінің білімдерін көрсетті.
Мәтіндермен жұмыс барысында оқушылардың танымдық қасиеттері, қабілеттері, пәнге деген қызығушылықтары артқанын байқауға болады. Мәтін арқылы оқушының шығармашылық үрдісті меңгеруіне, ойын, тілін дамытуына жағдай жасалaды. Тұлғаның өз ойын еркін айта білу, жаза білу дағдысы қалыптасады. Мәтінмен жұмыс- тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастырудың негізі болып саналады.
Пән мұғалімі: Имангалиева Ж.М.
#оқу сауаттылығы- 2023
#апталық
#balkash_qalasy_bilim_bolimi
#goroo_balkash
@obb_garagandy
@umcktg
г.Балхаш ГУ “Отдел образования”
#ҚОББтәрбие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *