Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласының «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 6 «А» сынып оқушыларынан 1 ақпан-Ұлт денсаулығы күніне орай, «Тәтті сусындардың зияны» тақырыбында денсаулық диктанты алынды.
Мақсаты: Оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуды, ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеуді, салауатты өмір салтын сақтауды және басты құндылық-денсаулық екенін түсіндіру.
Оқушыларға 2019 жылдан бері, Қарағанды облысында рухани құндылықтарды сақтауға және насихаттауға бағытталған ұлттық күнтізбенің тұсауы кесілгені, Қазақ күнтізбесінің айшықты күндерінің бірі 1 ақпан – Ұлт денсаулығы күні болып бекітілгені туралы қосымша ақпарат берілді.
Диктант мәтіні бойынша диетолог дәрігер М.Гуняеваның пікірімен таныса отырып, зиянды сусынға бой алдырмау үшін оның зияны: семіздікке, артық салмаққа, II типті қант диабетіне, бүйрек тастарына, гастрит, асқазан жарасы мен бауырдың майлы дистрофиясына, кариес пен остеопорозға алып келуі мүмкін екендігі туралы жазылды. Денсаулығымызға абай болайық!
Пән мұғалімі: Ж.М.Имангалиева
#Біртұтас_тәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb
