Қамқоршылар күні – ерекше мереке, бала тәрбиесінің ауыр жүгін арқалаған жандардың, ерекше мұқтаж балаларға жан жылуын, нәзіктік пен ілтипат сыйлай білетін жандардың мерекесі.
Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға отбасы болғандарға алғыс айту игі дәстүрге айналған. Олар олардың отбасы болды.
Мерекеге орай әлеуметтік педагог дөңгелек үстел ұйымдастырып, тәрбиешілерге диалог түрінде өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алу мүмкіндігі берілді, көркемдік жетекші Боранова А.Х мектеп оқушыларынан шағын концерт ұйымдастырды. Мектеп әкімшілігі өз күш-қуатын, үмітін, сүйіспеншілігін балалардың бойына сіңіріп, білім мен тәрбие беріпжүрген қамқоршыларға алғыс хаттар мен демеушілердің естелік сыйлықтарын табыс етті.
