Skip to content

Инклюзияны қолдау кабинеті – бұл мектепте оқуда қиындықтары бар оқушылар…

Инклюзияны қолдау кабинеті – бұл мектепте оқуда қиындықтары бар оқушылар өздерінің қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес қосымша көмек ала алатын орын.
Біздің мектептің базасында әртүрлі диагноздары бар 7 даярлық сынып балалары, 12 бастауыш сынып балалары, сондай-ақ жоғары және орта буындағы сыныптарда 10 оқушы педагог-психолог және инклюзивті білім беру курстарынан өткен дефектолог көмегімен сапалы психологиялық-педагогикалық қолдау алады. Аптасына екі рет дефектолог тақырыптық жеке немесе топтық сабақтары өткізіледі.
Біздің кабинет бірнеше аймақтарды қамтиды:
Құрғақ бассейн ойындары оқушылардың психикалық және эмоционалдық дамуына көмектеседі. Сонымен қатар, құрғақ бассейн шарларымен ойнау арқылы бала моторикасын дамытады, сондай-ақ қозғалысты үйлестіруді жақсартады.
Құммен сурет салуға арналған жарық панелі пішінді беру қабілетін дамытады, ұсақ моториканы дамытады, есте сақтау қабілетін, қозғалыс пластикасын, ми жұмысын жақсартады, көркемдік-эстетикалық талғамды, зейін мен ойлауды дамытады, коммуникативті дағдыларды, сөйлеу белсенділігін дамытады. Ойын барысында құм техникасының көмегімен, балалардың эмоционалды фонын тұрақтандыру, эмоционалды шиеленісті, алаңдаушылықты, агрессивтілікті жеңілдету орын алады.
2021-2022 оқу жылынан бастап №5 ЖББ мектебінде инклюзияны қолдау кабинеті ашылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *