“Ғылым және технология” жаратылыстану-ғылыми сауаттылық апталығы аясында бастауыш сыныптар арасында “Болашақ ғаламшар” тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты:
Туған өлкенің табиғатын тануға баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, адамгершілік және эстетикалық сезімдерді тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар өз қиялындағы болашақтағы ғаламшар бейнесін сурет арқылы жеткізді. Балалардың жұмыстарынан олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауы айқын байқалды. Көрмеге әр сыныптан белсенді оқушылар қатысты. Суреттер түрлі техникаларда орындалып, тақырыпқа сай мазмұнды, әсерлі дүниелер ұсынылды.
Your browser does not support the video tag.