Skip to content

Бүгін мектебімізде , 5 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен, Республикалық «Бір…

Бүгін мектебімізде , 5 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен, Республикалық «Бір ел-бір кітап», «Оқуға құштар мектеп» жобалары аясында, Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай, «Менің атым-Қожа» повесі бойынша сахналық қойылым көрсетілді.
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін қорытындылап бекіту, шығарма кейіпкерлерін сомдау арқылы шығармашылыққа баулу, сөйлеу шеберліктерін шыңдау, әртістік қабілеттерін дамыту, жеке тұлғаны қалыптастырудағы кітаптың рөліне назар аудару.
Қожа рөліндегі Каиров Нурали кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғаларын, қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысын, өзінің жасаған бұзықтығын мойындағанын шебер сомдай білді. Ал, сыныбындағы үлгілі, тәртіпті Қожа жақсы көретін, әрі сабағын үздік оқитын Жанар бейнесін Қанат Айым ойнады. Қожаның әжесі мен анасының рөлінде, Карибаева Ясмина, Қабдрақым Аружан , адамгершілігі мол әрі ақылды ұстаз Майқанова апайды Тілеуберді Айару мектеп директоры Ахметов рөлін Сатыбалды Ерасыл сомдады. Қожаны үнемі «Қара көже» деп мазақтайтын және екеуі де Жанарды ұнатқандықтан үнемі сөзге келіп қала беретін Жантас рөлін, Сәрсенқұл Мейіржан шебер орындай алды.сонымен қатар, ауыл бригадирі, оқушылар, сынып старостасы, Темір, мектеп мұғалімдері рөлін сомдаған болашақ актерлер де қалыс қалмады.
Соңынан мектеп кітапханашысы К.Ш. Махашова жазушының бірнеше шығармаларымен таныстыра отырып, «Менің атым Қожа» повесінің жазылу тарихы, кейіпкерлері туралы мағлұмат берді. Бүгінгі қойылымға қатысқан оқушыларға, қолдау көрсеткен ата-аналарына, сынып жетекшісі Л.Т. Ибраеваға алғысымыз шексіз. Бүгінгі қойылымда Қожа бейнесі арқылы, сотқар, тентек болса да, дұрыс жолға түсуге бар күшін салып ұмтылатын нағыз күрескер бейне екеніне көздері жетті.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Ж.М.Имангалиева
#оқуғақұштармектеп
#бірелбіркітап
#біртұтас_тәрбие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *