Бүгін, 11 сәуір күні қойнауы қазынаға толы мыс шаһары- Балқаш қаласына 86 жыл толып отыр. Балқаш қаласының тарихы ең алғаш 1928 жылдың қыркүйек айында ленинградтық геолог Михаил Русаковтың қаламызға жасаған экспедициясынан басталды. Жергілікті аймақ зерттелінген кейін, дәл осы Балқашта мыс балқыту зауытын салу туралы шешім қабылданды. Сол уақыттан бері зауытпен бірге Балқаш қаласы дамыды.
Бүгінгі күні, Балқаш қаласы-өзінің әсем көлімен, әдемі кейіпімен, кімнің болса да, жүрігінен орын алады.
Мектебіміздің ізденіс топтарының сахналық «Балқаш қаласының құрылу тарихы» атты қойылымының үзіндісін тамашалаңыздар.
