Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыруда, «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» жобасы аясында, 5 «А» сыныбында қаржылық қауіпсіздікке байланысты “Қаржылық сауаттылық – табысты болашақ кепілі” тақырыбында ашық сынып сағаты өтті. Қаржылық сауаттылық – қаржыны тиімді басқаруға мүмкіндік беретін білім. Апта дәйексөзі: «Әділ заң – аспан тірегі»
🔖Сабақтың мақсаттары:
Оқушыларды қаржылық сауаттылық негіздерімен таныстыру;
💶Ақшаны дұрыс басқару, үнемдеу және мақсатты түрде жұмсау дағдыларын қалыптастыру.
Тиімді қаржылық әдеттерге тәрбиелеу.
Сабақ «Арманыңды бейнеле» психологиялық ахуалмен басталды. Мақсаты: оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, жағымды көңіл-күй қалыптастыру.
💷Ақша туралы қысқаша түсінік, қаржылық сауаттылық, қаржылық сауаттылық әлемде , елімізде қалай жүзеге асатыны туралы деректермен танысып, қаржылық сауаттылық туралы бейнематериалмен танысты. Ақша бонкноттарына байланысты төрт топқа бөлініп, тапырмалар орындады.
💰”Қаржылық сауаттылық – ақшаны дұрыс басқару, табыс пен шығынды жоспарлау және қаржылық мақсаттарға қол жеткізу қабілеті» болып табылатынын оқушылар кері байланыс беруде түсінді. Сынып жетекші: Ж.М.Имангалиева #Қарағандыоблысыбілім09
#Біртұтас_тәрбие
@balkhashtv
@balqash_qalasy_akimdigi
@umckrg
