Skip to content

🔹«Білім кілті – кітапхана» Жалпы білім беретін №5 мектептің 1…

🔹«Білім кілті – кітапхана»
Жалпы білім беретін №5 мектептің 1 сынып оқушыларын 3 қарашада сынып жетекшілері Г.Бекбенбетова мен А.Асылбекова мектеп кітапханасымен танысуға әкелді . Кітапхана меңгерушісі К.Махашова «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 1-сынып оқушыларына «Білім кілті – кітапхана» тақырыбында кітапханаға саяхат ұйымдастырды.
Мақсаты: Балаларға кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәнерін дамыту, кітапты сүюге баулу, кітапты дұрыс таңдауға, кітап ұстау ережелері туралы мағлұмат бере отырып, кітапхана қорын пайдалана білуге тәрбиелеу.
1 сынып оқушылары кітапхана ережелерімен таныстырылды. Сонымен бірге кітапханадан әдеби кітаптар үйге берілетіні, оның кері қайтарылу мерзімі жайлы айтылып, кітапты ұқыпты пайдалануға үйретілді. Сондай-ақ оқушылар үшін әсіресе «Ертегілер елінде», «Менің сүйікті ертегілерім» атты кітаптарды қызықтады, ондағы түрлі-түсті кітаптармен қатар қойылған ертегі кейіпкерлерінің бейнелерін тамашалады. Балаларға арналған «Айгөлек,» «Ертегілер елінде», «Балдырған», «Балалар әлемі», «Бала би» журналдарымен танысты.
#balkash_qalasy_bilim_bolimi
#goroo_balkash
@obb_garagandy
@umcktg
г.Балхаш ГУ “Отдел образования”
#ҚОББтәрбие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *