🔷 Балқаш қаласының 85 жылдығы аясында, Балқаш қаласы әкімінің "Тіл жанашыры" сыйлығымен мемлекеттік тілдің қоғамдық рөлі мен маңызын арттыру, Балқаш қаласында тілдерді дамыту мен мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін мектебіміздің 10"А" сынып оқушысы Чекушкина Меланья Владимировна қала әкімінің 100 000 теңге сертификаты мен дипломы және "Тіл жанашыры" статуэткасын жеңіп алды. Мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, қалалық, облыстық іс- шаралардың жеңімпазы атанып жүрген дарынды шәкіртіміздің алар асуы биік болсын! Жетекшісі: Ж.М. Имангалиева
