«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебі»КММ-де 21.02.2023ж күні «Өнегелі өмір» жобасы аясында ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың табысқа жету тарихына мән беру арқылы ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты жерлестерімізді көпшілікке таныту мақсатында «Ақыныңды еркелет» атты жергілікті ақындармен кездесу өткізілді. Кездесуге жергілікті өлкеміздің бетке ұстар ағасы, журналист, ақын, жазушы Жанболат Башар келді. Ақын өз еңбек жолдарымен ,шығармашылықтары туралы ойларымен бөлісті. Ақындыққа жаны құмар мектеп оқушылары ақын ағаларына бірнеше сұрақтар қойып , жүйелі жауаптарын алды.
Ұйымдастырушы: Караталова Зарина Сериковна