Skip to content

Балқаш қаласы білім бөлімінің «Nº5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де…

Балқаш қаласы білім бөлімінің «Nº5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 23.05.2025 күні 1-11 сыныптарда оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыра отырып, олардың бойында елжандылық, патриоттық сезімді қалыптастыру. Білім арқылы еліміздің дамуына үлес қосуға талпындыру мақсатында “Білімім – Отаныма”тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушылар “Білім – болашақтың кілті” ұранын басшылыққа ала отырып, білімнің қоғамдағы рөлі мен маңызын талқылады. Қазақстанның дамуына үлес қосқан танымал тұлғалардың өмір жолы мысалға келтіріліп, патриоттық тақырыпта өлеңдер оқылып, презентациялар көрсетілді.2024-2025 оқу жылын қорытындылап, жыл бойы үздік оқып, тәртібімен, белсенділігімен көзге түскен үздік және озат оқушыларға мақтау қағаздары табысталды.Оқушылардың жаз кезіндегі қауіпсіздік ережелері, соның ішінде суға шомылу, жолда жүру тәртібі ,өрт,терезе қауіпсізідігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ «Заң және тәртіп», «Таза Қазақстан» , «Адал азамат» тақырыптық бағытында жазған эссе байқауының қорытындысы бойынша оқушылар марапатталды.Іс-шара соңында оқушылар өздерінің болашақтағы мамандықтары арқылы ел дамуына қандай үлес қоса алатыны жайлы ой бөлісті. Сынып жетекшісі қорытынды сөз сөйлеп, білімді ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі екенін атап өтті.
• #Қарағандыоблысыбілім09
#Біртұтас_тәрбие
@balkhashtv
@balqash_qalasy_akimdigi
@umckrg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
• #БілімКемесіменБолашаққа

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *