Балқаш қаласы білім бөлімінің “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ –нің мектеп кітапханасында кітапхана меңгерушісі К.Ш.Махашова мен сынып жетекшісі Н.Каргулдің ұйымдастыруымен «Қауіпсіздік ережелерін сақтайық» тақырыбында 3 Б сыныбының оқушыларымен сұрақ-жауап шарасы өткізілді.
Мақсаты : Балаларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру. Жаяу жүргінші мен көліктің байланыс қатынасын білдіру.
Оқушылар белсенді ат салысып, қауіпсіздік ережелерін жақсы білетіндігі қуантты. Кітапханадағы қауіпсіздік ережелері туралы кітаптармен ,буклетпен танысты.
