Балқаш қаласы білім бөлімінің “№5 жалпы білім беретін мектебі”
КММ –нде 9 ақпан күні ақиық, сыршыл, гуманист ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Шаймерден А.М. мен музыка пәні мұғалімі Боранова А.Х. ұйымдастыруымен «Жырлайды жүрек» атты әдеби сазды кеш өтті.
Кештің мақсаты қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту. Ақын шығармаларының идеялық-көркемдік мазмұнын ашу,өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға дағдыландыру. Талантты тұлғаның қайталанбас қасиеттерін оқушылар арасында насихаттау, ақынның жүрекке жеткен әндерін көңілдерге тоқу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Кешке 5-7 сыныптың оқушылары қатысып, ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Мұзбалақ ақынның өз дауысында жазылған видеотаспасы тыңдалып, көпшілікке белгілі «Саржайлау», «Есіңе мені алғайсың» әндері шырқалды. Кеш соңында «Бақыт деген не өзі?» өлеңі оқылып , қатысушылар «Бақыт жайлы» әнін барлығы бірге орындады.
Сонымен бірге, мектеп кітапханашысы Махашова К., көрермендерді.кеш қатысушыларын «Хантәңірінің мұзбалағы» тақырыбындағы кітап көрмесімен таныстырды.
