Skip to content

Балқаш қаласы білім бөлімінің “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ…

Балқаш қаласы білім бөлімінің “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ –нде 16 наурызда мектеп кітапханасында «Жердің жүзі жаңғырып, елдің жүзі жадырап…» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру.
Наурыз — көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп, ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі, өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрамымыз. Наурыз мейрамы – жаңару мен жасарудың, барша тіршіліктің жаңа бір күйге енуінің бастамасы әрі адамзат бойына ерекше бір жаңа құлшынысты сезім беретін мереке.
Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт – береке, бақыт пен молшылық әкелсін!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *