Балқаш қаласы білім бөлімінің “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ –нде 11 сәуірде мектеп кітапханасында «Қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыштар» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушыларға ғарыш әлемі туралы мағлұматтар берілді. Елімізден шыққан ғарышкер ағаларымыздың еңбек жолдарымен таныстырылды.
Мақсаты: 1.Оқушыларға ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып, алғаш самғаған әлемдік және қазақтандық ғарышкерлер туралы мағлұмат беру.
2. Ғарыш әлеміне деген қызығушылық және танымдық қабілетін арттыру.
3. Оқушылардың патриоттық сезімін ояту.
