Skip to content

Балқаш қаласы білім бөлімінің “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ…

Балқаш қаласы білім бөлімінің “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ –нде 25 сәуірде мектеп кітапханасында 28 сәуірде «Қазақстан бейбітшілік, бірлік алаңы» тақырыбында бұрыш ұйымдастырылып, оқушыларға таныстырылды.
Мақсаты: 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі – өнегесін оқушылардың бойына сіңіру.
Қазақстанда жүзден аса ұлттар мен ұлыстар тұрады. Олардың барлығы дерлік еліміздің ашық аспаны мен көкшіл туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. Түріне нәсіліне қарамастан бірдей білім алып, Қазақстан Республикасының Ата заңы негізінде өздерінің Отанына айналған қазақ еліне барынша қызмет етіп, беделін үстем етіп келеді. Кеңпейілді қазақ халқының дархан даласы жайлаған барша ұлт өкілдері қазақ жерін «Отаным» дейді. Мұндай мақтаныш сезімімен айтылған жолында сөз жанымызды жадыратады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *