Skip to content

Балқаш қаласы білім бөлімінің “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ…

Балқаш қаласы білім бөлімінің “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ –нде 17 мамырда мектеп кітапханасында 2023 жыл – Түркі өркениетін дамыту жылына арналған «Ұлы дала ұлағаты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты – көне және қазіргі түркі өркениетінің әдет-ғұрпы, тарихы, мәдениеті, сәулет өнері және басқа да баға жетпес мұраларын ашып, танымал ету және оқырмандарға ұсыну. Түркі мемлекеттері ұйымына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Тарихы бір болғандықтан болар, тамыры түркілерден бастау алған ұлттардың ұқсастықтары да көптеп кездеседі. Барлығы да түркі атауымен тығыз байланысты елдердің діні, ділі тіпті тілдері де ұқсас келеді. Сонымен қатар түркі халқының ұрпақтары бейбітшілігімен, мәдениетімен ерекшеленеді.
Болашақ ұрпаққа мұра етiп қалдырылған көне түркiлiк жазба ескерткiштер кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып, ескерткiштер саны жыл санап өсiп жатыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *