Балқаш қаласы білім бөлімінің “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ –нде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Дулат Исабековтің «Әпке» шығармасының желісі бойынша қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Б.Т.Адамбаеваның ұйымдастыруымен 9 «А» сынып оқушылары сахналық қойылым қойды.
Қойылымның мақсаты: адам өміріндегі отбасы мүшелерінің орнын көрсету, отбасындағы құндылықтарды нығайту, ата-ананың қадірін білу.
Драма шиеленісті оқиғадан басталады. Шығарманың тақырыбы-адамгершілік, отбасындағы жылылық. Жетім балалардың өз беттерінше өмір сүруі, жанұя мүшелерінің бір – бірімен қарым-қатынасы, жастар махаббаты. Шығарманың басты кейіпкері, үйдің үлкені ,отбасы қамқоршысы -Қамажай. Қамажайдың мінезі өте жайлы, қарапайым, бауырмал, мейірімді, қамқор жан. Бауырларының қамын ойлап, олардың оқып, азамат болуына, өмірден өз орнын табуына өзінің жастық ғұмырын құрбан етті . Ол ана орнына ана, әке орнына әке бола білді. Бауырлары үшін өз махаббатынан бас тартты.
Рөлдерді сомдағандар: Серғазықызы Аруна, Сейілғазы Нұрхан, Бөгенбай Алдияр, Нұрғали Сұлтан, Аханова Айым, Ермек – Алсарұлы Ерғазы 5''Б,, сынып, Сағатбек Әсемгүл, Әбіш Аяулым. Жумагулова Дильназ, Базулхан Мирас,Жанғабыл Бекарыс, Қуанышева Айшабибі, Жаксылыков Ерхан.
Оқушылар драманы шынайы сезініп, асқан шеберлікпен сомдап шықты. Көрермендер қойылымнан тамаша әсер алып, мектеп директоры, мұғалімдер жас өнерпаздардың өнерлеріне сүйсініп, өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Біз келешекте мектебімізді дарынды педагог, халқының біртуар перзенті Алаш ардақтысы , ақын Мағжан Жұмабаевтың есімімен атауды мақсат етіп отырғандықтан, сөзімізді
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін-деп жырлағандай, біздің де мектебімізде де болашағынан зор үміт күтерлік оқушылар тәрбиеленуде. Еліміздің ертеңі – жастарға зор үміт артып, сенім білдіреміз!.
#balkash_qalasy_bilim_bolimi
#goroo_balkash
@obb_garagandy
@umcktg
г.Балхаш ГУ “Отдел образования”
#ҚОББтәрбие
@karlygash_dsh