Балқаш қаласы білім бөлімінің “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ –нің кітапханасында 15 қарашада 5 сынып оқушылары «Теңге –тәуелсіздік тұмары» тақырыбындағы ұлттық валютамыз –теңгенің 30 жылдығына арналған кітап бұрышымен таныстырылды.
Мақсаты : Оқушыларды тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен таныстыру,төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру.
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі — ұлттық валюта.Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына , халық байлығы. Басқаның валютасына тәуелді болу – барлық байлығыңды біреудің билігіне беру.
Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасалған.
