Skip to content

Балқаш қаласы білім бөлімінің “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ…

Балқаш қаласы білім бөлімінің “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ –нің кітапханасында 10 сәуірде «Ғарыш келешектің кемел жолы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Тұңғыш ғарышкерлер және Қазақстан ғарышкерлерімен таныстыру.Оқушылардың Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз елінің батырларын құрметтеуге тәрбиелеу. XX ғасырдың 2 – шы жартысындағы адам баласының ғарышты игерудегi жетiстіктері, оның ғылыми маңызы жайында бiлiм беру.
Fылыми жаңалықтардың маңызын түсiне бiлу қабілеттерiн дамыту.
Қазақтан ғарышқа бiрiншi болып ұшқан – Тоқтар Әубакiров. Ол ғарышқа 1991ж 2 қазанда «Союз ТМ -13» ғарыш кемесімен ұшып, 7 күн 22 сағат 13 минут болды.
Екінші қазақ қазақ ғарышкерi Талғат Мұсабаев ғарышқа үш рет ұшты. 1994ж ұшып – 126 күн, 1998ж 208 күн,2001ж 8 күн болды.
Айдын Айымбетов – 2015 ж «Союз ТМА -18М»ғарышкемесімен ғарышқа ұшқан үшінші адам. Ол ғарышта 10 тәулік болды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *