Балқаш қаласы білім бөлімінің “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ –нің кітапханасында 23 сәуірде «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық» күнінде 4 Б сынып оқушыларымен үздік оқырман байқауы өтті. Мақсаты – көпшілікті, әсіресе жас өспірімдерді кітап оқуға шақыру, адамзаттың әлеуметтік және мәдени прогресіне үлес қосқан адамдардың еңбегін бағалауға үйрету. Осы орайда оқушылар оқыған ертегісі желісі бойынша суретті сөзжұмбақ, мақал-мәтелдер ,пазылдар құрастырды. Оқушылар белсене қатысып, өз ойларымен бөлісіп , оқығандарын ортаға салды.
1995 жылдан бері ЮНЕСКО шешімімен, кітаптар мен авторлардың құрметіне Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні құрылды.
Кітап – заманымыздың өмірі. Ол кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз.Кітап адамның дүниетанымын кеңейтіп, рухани дүниелерді оятып, Отан, туған жер, ел ордамыз туралы сыр шертеді. Кітап –біздің ең жақын ақылшымыз.
