Skip to content

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ…

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ
29 сәуірде 2024 жылы.
«1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесіне орай «Қазақстан – достықтың киелі мекені» тақырыбында 8А сынып оқушыларымен сынып сағаты өтті.
Сынып сағатының мақсаты Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт – дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт – саналарынан хабардар ету.
Қазақстанда бір шаңырақ астында өмір сүріп жүрген түрлі ұлттар мен ұлыстардың бірлігі, ынтымағы басқа мемлекеттерге үлгі. Елімізде соңғы уақытта қазақша сөйлейтін өзге ұлт өкілдері айтарлықтай көбейгені де басты жетістігіміз. Бұл – нағыз патриоттардың қазақ жеріне, мемлекеттік тілге деген құрметі. Олар тек қазақ тілін ғана емес, халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын да құрметтейді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *