Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де оқушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, полиция қызметкерлеріне деген сенімді нығайту, қоғамда заң және тәртіп мәдениетін қалыптастыру, балалардың ішкі істер органдары қызметі туралы түсінігін кеңейту , Заң және тәртіп мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Полиция – балалардың қорғаны» бағыты аясында «Полицейге хат» байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 4-7сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар өз шығармашылық жұмыстарында полиция қызметкерлерінің еңбегі, олардың батылдығы мен адалдығы, қауіпсіз қоғам қалыптастырудағы рөлі туралы ойларын білдірді .
• #ПолицейгеХат
• #ПолицияБалалардыңҚорғаны
• #ХатПолицейге
• #ҚұқықтықМәдениет
• #ЗаңЖәнеТәртіп
• #МеніңПолицейім
