Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де «Мағжан жастары» дебат клубының ойыншылары “Балалар үні” тақырыбында дебат ойынын өткізді. Мақсаты: Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Еліміздің Ата заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.Пікірсайыс барысында қатысушылар балалардың қоғамдағы орны, құқықтары мен міндеттері, заманауи технологиялардың бала тәрбиесіне әсері, білім беру сапасы сынды өзекті мәселелерді талқылады. Ойын форматы оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытып, өз ойын ашық әрі дәлелді түрде жеткізуіне мүмкіндік берді.
Іс-шара соңында үздік пікірсайысшылар марапатталып, қатысушылар алғыс хаттармен және сертификаттармен марапатталды.
Бұл пікірсайыс балалардың ойын еркін жеткізуіне және қоғамдағы өз рөлін сезінуіне үлкен мүмкіндік берді.
#БалаларҮніПікірсайыс