Балқаш қаласы білім бөлімінің “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ-де 16 .02.2023 күні «Өнегелі өмір» жобасы аясында ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың табысқа жету тарихына мән беру арқылы ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты жерлестерімізді көпшілікке таныту мақсатында жергілікті ақындармен кездесу өткізілді. Кездесуге жергілікті Балқаш өңірі газетінің бас редакторы,«Хат» кітабының авторы Қуаныш Аманқұлов Сағынтайұлы , ақын, сазгер, журналист Қуандық Саденов Мақсұтұлы қатысты.
Қатысқан ақындар өз еңбек жолдарымен ,шығармашылықтары туралы ойларымен бөлісті. Ақындыққа жаны құмар мектеп оқушылары ақын ағаларына бірнеше сұрақтар қойып , жүйелі жауаптарын алды.Кездесу барысында оқушылар Қуандық Мақсұтұлы мен Қуаныш Сағынтайұлының өлеңдерін оқыды.
Өткізгендер:
Бастауыш сынып мұғалімі: Түгелбек А.Х.
Музыка мұғалімі: Боранова А.Х.