Skip to content

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 28.03.2025…

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 28.03.2025 күні «Бала өмірінің қауіпсіздігі»тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде:
1.Балалардың судағы қауіпсіздігі
2.Нашақорлықтың зияны және салдары.Құқықбұзушылықтың алдын алу.
3.Қауіпсіз терезе акциясы туралы.
4. 1-сыныпқа қабылдау
5. Әр түрлі мәселелер.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Балапанова Гаухар Жасымбековна ІІІ тоқсанның қорытындысын айтып, көктемгі каникулдағы өткізіліп жатқан іс-шараларға тоқталды.
Екінші мәселе бойынша Балқаш құтқару бөлімінің медбике құтқарушысы Абжанова Бағдат Сатбековна балалардың судағы қауіпсіздігі және «Қауіпсіз терезе» акциясы аясында балалардың терезеден құлау жағдайларының жиіленуіне байланысты сақтық шараларын бақылау бойынша жалпы ақпарат берді. Нашақорлықтың зияны және салдары және құқықбұзушылықтың алдын алу (түнгі қала, жол қауіпсіздігі, су қауіпсіздігі,көшедегі тәртіп)т.б бойынша Балқаш ПБ Учасакелік полиция инспекторы кәмлетке толмаған балалар істер жөніндегі полиция капитаны Қоразбаев Нұрлыжан Айтмагамбетович және ага патрульдік полиция инспекторы Егинберди Нурсултан Ергалиевич ата-аналарға толық мағұлмат берді.
Мектеп басшысы ата-аналарға 1-сыныпқа қабылдау уақыты 2025 жылдың 1 сәуірінен басталатындығы және қабылданатын білім алушылардың қажетті құжаттары бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.
Жиналыс соңында ата-аналар сұрақтары тыңдалды.
#Қарағандыоблысыбілім09
#Біртұтас_тәрбие
@balkhashtv
@balqash_qalasy_akimdigi
@umckrg

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *