Skip to content

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 23.05.2025…

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 23.05.2025 күні 2024–2025 оқу жылын қорытындылау, оқушылардың оқу жетістіктерін атап өту, түрлі бағыттарда (пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар, өнер, спорт) жетістікке жеткен оқушыларды марапаттау, сондай-ақ ұстаздар мен ата-аналар қауымына алғыс білдіру мақсатында «Білім кемесімен болашаққа!»атты салтанатты сап жиын өткізілді.
Салтанатты сап жиын мемлекеттік Гимнмен басталып, мектеп басшысы Г. Ж. Балапанова құттықтау сөз сөйлеп, жыл бойғы мектеп жетістіктеріне кеңінен тоқталып оқу процесінде жоғары көрсеткіштерге жеткен оқушыларды, шығармашылық ізденісте көзге түскен білім алушыларды және олардың жетістігіне зор үлес қосқан ұстаздарды ерекше атап өтті. 2024–2025 оқу жылы – білім мен еңбектің, шығармашылық пен ынтымақтың жылы болды. Мектеп ұжымы мен оқушылар бірлесіп, жаңа биіктерді бағындырды. Бұл – болашаққа бағыт алған, ұрпаққа сапалы білім мен рухани тәрбие берген жарқын жыл болды.
• #Қарағандыоблысыбілім09
#Біртұтас_тәрбие
@balkhashtv
@balqash_qalasy_akimdigi
@umckrg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
• #БілімКемесіменБолашаққа

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *