Skip to content

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 2025…

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 2025 жылдың 24 мамыры күні сағат 10:00-де мектептің мәжіліс залында«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын өткізілді. Бұл – он бір жыл бойы мектеп қабырғасында білім алған шәкірттердің үлкен өмірге аттанар алдындағы ерекше әрі толқулы сәті болды.
Салтанатты сап жиынға мектеп әкімшілігі, мұғалімдер қауымы, ардагер ұстаздар, ата-аналар және 11-сыныптың бітіруші түлектері қатысты. Шараны мектеп директоры Г.Ж.Балапанованың құттықтау сөзімен ашылып, оқушыларға ізгі тілектер мен ақ баталар жолданды. Сөз кезегі ата-аналарға, ұстаздарға және түлектерге беріліп, жүрек тебірентер сәттер орын алды.
Сонымен қатар 1-сынып оқушылары аға-апаларына арнап өлең шумақтарын оқып, шығармашылық нөмірлер ұсынды. Түлектер де өз алғыстарын білдіріп, ұстаздарына жүрек жарды сөздерін арнады. Әсем әндер шырқалып, көркем би мен музыкалық көріністер көрермен көңілінен шықты.
Мерекелік жиынның ең толғандырар сәті – соңғы қоңыраудың соғылуы болды. Бұл сәт барлық қатысушылардың жүрегінде ерекше әсер қалдырды. Бұл күн – әрбір түлек үшін мектеппен қоштасу ғана емес, өмірдің жаңа кезеңіне бастар жолдың алғашқы қадамы. «Соңғы қоңырау» салтанаты барша қатысушылардың көңілінде ұзақ сақталатын әсерлі әрі мазмұнды іс-шара ретінде өтті.

• #СыңғырлаСоңғыҚоңырау
• #СоңғыҚоңырау2025
• #МектеппенҚоштасу
• #ҰстазғаТағзым
• #ТүлекЖолы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *