Skip to content

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 20.10.2023…

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 20.10.2023 күні АЛАШ АЗАМАТТАРЫН ҰЛЫҚТАУ айы аясында Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жарық жұлдызы- Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай айлық іс-шараның ашылуы салтанаты өткізілді.
Мектебімізде, 20.10-20.11.2023ж аралығында артына өшпес мол мұра қалдырған қаламгер , Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына, өсу жолдары мен көрген қиыншылықтары, «тар жол тайғақ кешуде» басынан өткерген қиын -қыстау тағдырына арналған «Ғибратты ғұмыр иесі –Мағжан» тақырыбында іс-шаралар жоспарланды.
Бүгінгі таңда мектебіміздің атына Мағжан Жұмабаевтың есімін алу туралы жұмыстар жүргізілуде.
Мағжан Жұмабаевтың есімін иелену біз үшін үлкен жауапкершілік, биік мәртебе .

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *