Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 17.04.2025 күні Балқаш қалалық ІІБ анықтау қызметкері полиция лейтенанты Бакзин Арман Серикович,Балқаш қалалық кәмелетке толмағандар істер жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Қоразбаева Нұрлыжан Айтмагамбетович 7-11 сынып оқушыларына «Нарко қылмыс» және»Жасөспірім» профилактикалық іс-шарасы туралы түсіндірме жұмыстарын өткізді. Биылғы 2025 жылды құқықбұзушылықтың алдын алу жылы деп жарияланды.Осыған байланысты заң және тәртіп қағидасын іске асыру үшін 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында республика аумағында жасөспірім жедел профилактикалық іс –шарасын өткізетіндігі туралы айта отырып, бейне ақпарат көрсетілді. Жоғары сынып оқушыларына қазіргі кездегі ең өзекті мәселелердің бірі «Нарко қылмыстың»алдын алу шараларына тоқталды.Кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстарды, оның ішінде бұзақылық, тонау, ұрлық, қорқытып алу және т.б., кәмелетке толмағандардың алкоголді, есірткі және психотроптық заттарды пайдалану, олардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде және ойын сауық орындарында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болу деректерін анықтау, мақсатында «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілетіндігі және мопед тізгіндегендерге жаңа тәртіп заң күшейгендігі туралы түсіндіріп өтті.
#Қарағандыоблысыбілім09
#Біртұтас_тәрбие
@balkhashtv
@balqash_qalasy_akimdigi
@umckrg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
Your browser does not support the video tag.