Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 17.01.2025 күні онлайн режимінде жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа мектеп бойынша 78 ата-ана қатысты.
Күн тәртібінде:
1. «Нашақорлық және жастар проблемасы» Нашақорлықтың алдын алу (Оқушылар арасында есірткі жарнамасын жасаушылар,есірткі заттарын сақтаушылар, есірткі жасыру туралы)
2. Құқықбұзушылықтың алдын алу.Алаяқтықтың жаңа түрлері,кибербуллинг
3. Компьютерлік ойындар- бала өміріне қауіпті.
(көк кит, «тыныш үй», «Қызыл дельфин»)т.б
Балалардың гаджеттеріне «Ата-ана бақылауы»қосымшасын орнату қажеттілігі.
4. Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері
5. “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес” туралы
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Балапанова Гаухар Жасымбековна ата-аналарға қазіргі заманда белең алып тұрған әлеуметтік желідегі қауіпсіздік, онлайн ойындар мен топтардың санының артып отырғаны туралы хабардар етті.
Балқаш ПБ Учасакелік полиция инспекторы кәмлетке толмаған балалар істер жөніндегі полиция капитаны Қоразбаев Нұрлыжан Айтмагамбетович кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуі,
оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, туралы толық түсіндіріп өтті.
Балқаш қаласы ,есірткіге қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел уәкілі полиция капитаны Бакзин Арман Серикович«Нашақорлық және және жастар проблемасы» Нашақорлықтың алдын алу және нашақорлыққа жол бермеуі керектігі туралы айтып,бүгінгі таңда есірткі тасымалдау (закладка) көбейіп отырғандығы туралы хабардар етті. Мектеп психологы Толеубекова Макпал Сергазиновна балалардың гаджеттеріне «Ата-ана бақылауы»қосымшасын орнату қажеттілігі және қауіпті компьютерлік ойындардан сақтану бойынша жүргізілген жұмыстарға тоқталды.Директордың тәрбие ісінің орынбасары Шакижанова Алма Конысбаевна қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Жиналыс соңында ата-аналар мектеп ауласында жүрген қаңғыбас иттерден балалардың қорқатындығы және оларға қандай шара қолдану керектігі туралы сұрақтарын қойды. Мамандар ата-аналарға толығымен жауап берді.#Біртұтас_тәрбие #нашақорлыққажолжоқ
