Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 12.09.2023 күні Балқаш қалалық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы эпидемиолог Саттыбаева Асем Тлеужановна мектеп оқушыларына грипп,гепотит және қызылша ауруларының таралуы және одан сақтану бойынша дәріс оқыды.Қызылша –аурудың жалпы жағдайынан бұзылуымен,жоғарғы тыныс жолдарының қабынуымен және денеге теңбіл,терінің үстіне көтеріліп бөртпе шығуымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру екендігін түсіндіре отырып,одан сақтану,қорғану жолдарын қатаң тапсырды.
