Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 10.01.2025 күні Балқаш қ. ПБ УПИ ЖПҚБ ЮПТ полиция капитаны Коразбаев Нурлыжан Айтмагамбетович және ПБ КПБ жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Қуаныш Батырбекұлы Есиркепов 7-11 сынып оқушыларына кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс-әрекеттер жасаудан қорғау, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, жас ұрпаққа заңға бағынушы азамат ретінде тәлім-тәрбие беру мақсатында дәріс өткізілді. Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үй-жайдан тыс жерде ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз жүруге болмайтындығы, жолда жүру барысында жол қауіпсіздігін сақтау, «Мектептегі бопсалаудың алдын алу» электронды шылым қолдануға болмайтындығын және оны тасымалдау(закладка), ұсақ бұзақылық үшін қолданылатын жазалар жөнінде оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу туралы айтып, оқушылардың сабақтан себепсіз қалмауы және кешікпей келуі туралы түсіндіріп өтті.
#uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg # #@umckrg
