Skip to content

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 08.08.2025…

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 08.08.2025 күні мектеп директоры Балапанова Гаухар Жасымбековнаның басшылығымен директор сағаты өткізілді.
Күн тәртібі бойынша:
1.«Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға көмек көрсету жұмыстары талқыланды.
2. Оқушылардың мектеп формасына қойылатын талаптары бойынша түсіндірілді.
-Мектеп формасының мақсаты — оқушылардың тәртіпті, жинақы, ұқыпты болуына, сондай-ақ әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етуге, мектеп ішінде оқуға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталғандығы туралы айта келе,білім беру ұйымдарында мектеп формасына қойылатын талаптарға тоқталды.
•Ер балаларда: пиджак, жилет,жейде, шалбар, галстук.
•Қыз балаларда: пиджак, жилет,жейде, белдемше немесе сарафан болуы және мектеп формасының түсі – классикалық стильде таңдалады (көбіне көк, сұр, қара сияқты ұстамды түстер).
Форма:Ұлттық, діни және мәдени ерекшеліктерге бөлінбейді барлық оқушылар үшін тең талаппен белгіленгендігі туралы ата-аналарға ескертілді.
Әр түрлі мәселелер бойынша ата-аналар сұрақтары тыңдалды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *