Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 07.04.2025 күні есірткінің адам өміріне қауіпті екендігін, болашақ жастар арасында түсіндіру, есірткі қылмысының жолын кесу және есірткіге байланысты қылмыстарды болдырмау мен алдын алу мақсатында 9-11 сыныптың ата-аналарымен жиналыс өткізілді.Қазіргі кездегі қоғамның басты дерті – нашақорлық. Нашақорлық бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып саналады. Нашақорлық деген не? Жалпы адамды нашақорлыққа итермелейтін не нәрсе? Одан айығудың жолдары қандай?
Міне, осы сұрақтар төңірегінде Балқаш қалалық ІІБ анықтау қызметкері полиция лейтенанты Бакзин Арман Серикович,Балқаш қалалық кәмелетке толмағандар істер жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Қоразбаева Нұрлыжан Айтмагамбетович түсіндірме жұмысын жүргізді.
#Қарағандыоблысыбілім09
#Біртұтас_тәрбие
@balkhashtv
@balqash_qalasy_akimdigi
@umckrg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi