Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 05.10.2023 күні мұғалімдер күнініе орай "ДУБЛЕР КҮНІ", яғни білім алушылардың өзін-өзі басқару күні өтті.
Дублер күнінің мақсаты – мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру.
"ДУБЛЕР КҮНІН" өткізу мақсатында мектепте мектеп президенті және өзін-өзі басқару ұйымы,мектеп фракциялары ,10-11 сынып оқушыларынан бастамашыл топ құрылды. Жоспар бойынша алдын ала өзін-өзі басқару күнін өткізу ережесі, мақсаты мен міндеттері, өткізу форматы мен тәртібі айқындалды.
Мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің рөлін мектеп Парламент Президенті, 11сыныппен 10 сынып оқушылары атқарды. Мектеп ұстаздарына арналған 12 сыныппен жұмыс жүргізілді. Сағат 12.30-да Айтқұл Л.Ж,Боранова А.Х жетекшілігімен мектеп оқушылары және жас мамандардың ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама қойылды
