Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 03.12.2024 күні «Таза Қазақстан!» республикалық акциясына арналған экоминуттар 1 «Ә» сыныбында өткізілді. Сынып жетекшісі Ибраева Л.Т оқушыларға бұл акцияның мақсаты мен міндеттері туралы айтып берді. Барлық жерде тазалықты сақтауды кішкентай кезіңізден үйрену керектігі және қай жастағы болмасын, өз елін, шағын Отанын сүюі керектігіне ерекше мән беруді түсіндіріп өтті. Біз Балқашымызды жақсы көреміз және оның таза, әдемі және жасыл болуы үшін бәрін еңбектенуіміз керек.
#тазақазақстан
