Skip to content

🔷 Балқаш қаласы білім бөлімінің “№5 жалпы білім беретін мектебі”…

🔷 Балқаш қаласы білім бөлімінің “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ –нің мектеп кітапханасында 9Ә сыныптарымен кітапхана меңгерушісі К.Ш.Махашова «Ерлік пен махаббат жыршысы» тақырыбында Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогы бойынша кітап көрмесін ұйымдастырып, танымдық сағатын өткізді. Мақсаты : Бауыржан Момышұлының ерлік істерін қол астындағы жауынгерлерін басқара білуі, ақылдылығы,даналығы ,автор мен Бауыржанның сұхбаты , әңгімешілдігі, сөйлеу шеберлігіне мән беру.
“Ақиқат пен аңызда” Бауыржанның өр мінезі әр қырынан көрініп, соғыс майданында, жауынгерлер алдында үлкен істерді батылдықпен шешуге көмектеседі. Тапқыр да алғыр, сезімтал да секемшіл, қажырлы да қайратты офицердің характері осы бір белгілерімен дараланған. 9 сынып оқушылары «Мен неліктен Әзілхан Нұршайықовты Ұлы жазушы деп санаймын?» деген сауалға Абельдинова Дильназ, Қымыран Нұрбейне, Асқар Диана, Беликисова Ақбота, өз ойларымен бөлісті. Шара соңында оқушылар «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогы кітабын оқуға алды.
Өмірге осындай тамаша туынды әкелген Әзілхан Нұршайықов әлем әдебиетіндегі алып тұлға. Оқырман қауым ардақтап, қадір тұтатын, көпшілікті өзіне үйіре алатын, көпке үлгі бола білген жазушы Бауыржан Момышұлындай батыр атамыздың ерлігін жас ұрпаққа танытуда теңдесі жоқ туынды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *