АТА – АНАЛАР НАЗАРЫНА❗❗❗ Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-сі 2024-2025 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау кезеңдеріне қатысты мына жағдайларды ескертеді:
✅Бітіруші 4,9 және 11 сынып оқушыларынан мектеп қажеттілігіне ақша жинауға;
✅Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге бағалы сыйлықтар беруге;
✅Оқушылардың автокөлік шеруіне шығып, ойын- сауық алаңдары, мейрамханалар мен саябақтарға баруға;
✅Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға;
✅Қорытынды аттестаттау емтихандары кезінде мектепке мерекелік дастархан жаюға қатаң түрде тыйым салынады.
✅Мектеп бітіруші түлектерге арналған "Соңғы қоңырау " іс-шарасы мектептің ішкі тәртібі мен қауіпсіздік ережелеріне сәйкес өтеді.
✅Бұл шектеулер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық әдеп пен академиялық адалдықты, әділдікті , сондай-ақ білім алушылардың қауіпсіздігі мен азаматтық құқықты сақтау мақсатында енгізіліп отыр. ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА❗❗❗
Жоғарыда айтылған талаптарды назарға ала отырып, оқушылардың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауыңызды өтінеміз. Сіздердің ұл-қыздарыңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру біз үшін абыройлы МІНДЕТ❕Егер сізді қандай да бір сұрақ мазаласа, кез келген уақытта сұрағыңызды тыңдап, жауап беруге дайынбыз.
Құрметпен, мектеп әкімшілігі.