Апта соңында “Білімнің кәусар бұлағы-бастауыш” атты бастауыш сынып апталығының жабылуы өткізілді.
Бір аптаға созылған пән апталығының берері мол болды. Оқушылар үлкен қызығушылықпен қатысты. Мектеп мұғалімдері үшін де үлкен тәжірибе алмасу алаңы болды. Апталықтың соңғы күні бастауыш сынып оқушыларының концерті өтті.Концертте
3 сынып оқушылары бастауыш сыныпқа арналған өлеңдерін оқыды.”Жас дарын” тобы А.Құнанбаевтың “Желсіз түнде жарық ай” әнін орындады.
4 Ә сынып оқушылары “Күлпаш биі” биін актерлік шеберлікпен биледі.1 Ә сынып оқушылары “Жас дәстүр” аспаптар оркестрінің орындауында күй орындалды.2 Ә сынып оқушылары ән шырқап, би қимылдарын жасады.Омарғалы Еркеназдың орындауында”Балдәурен” әнімен концерт аяқталды.Кеш соңында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Ж.Бекбергенованың тілегімен апталық жабылды.
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің жетекшісі:Г.К.Бекбенбетова
