🏫 Алматыда балалар «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған жаңа мектептерді аралап көрді
✍️ Алматы қаласында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған жаңа мектептерде ашық есік күні өтті. Оқушылармен бірге олардың ата-аналары жаңа мектептің құрылысымен танысты.