Айлық барысында «Түберкулезге қарсы» мектеп оқушыларының хабардарлығын арттыруға бағытталған дәрістер, дөңгелек үстелдер, кеңестер және басқа да іс-шаралар жоспарланып өткізіліп,ақпараттық стенд безендірілді.
Мектеп медбикесі Жазибекова С.С ұйымдастыруымен «Туберкулез қалай жұғады» тақырыбында оқушыларға баяндама оқылып, сауалнама таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Түберкулезден сақтан!»атты слайд және бейне ролик көрсетілді.
1-11 сынып оқушыларына «Өзіңді және жақындарыңды туберкулезден қорға» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
«Мен туберкулезді тоқтата аламын» тақырыбында 1-11 сыныптарда диктант жазылды.
Салауатты – өмір салты принциптерін ұстану туралы ақыл кеңестер берілді.Оқушыларға қима қағаздар таратылып түсіндіру жұмыстары жүргізілді.