Skip to content

Ә. Бөкейханов атындағы жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасы Мәдениет…

Ә. Бөкейханов атындағы жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, халықаралық, республикалық ақындар айтыстары мен фестивальдардың лауреаты, қазақтын Сары тентегі, айтыскер ақын, әрі бард, сегіз қырлы, бір сырлы дарын иесі Қуаныш Мақсұтовпен мазмұнды, мағыналы, рухани танымдық-тәрбиелік мәні бар кездесу өтті.
Оқушылар сөз өнері сүйегіне сінген Қуаныш Мақсұтовқа еліктеп, ақынның өлеңдерін нақышына келтіре орындап көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды.
Жан-жақты өнер иесі қазіргі заманда жастар материалдық құндылыққа емес, рухани құндылыққа, кітап оқуға жақын болу, болашақ жастардың қолында екенін баса айтты.
Кездесу барысында мектептің мұғалімдері мен шәкірттеріне 2023 жылғы жарық көрген заманауи жетістіктер қолданылған, бардтық туындылары, көсемсөздері топтастырылған бар қазаққа құт болған «Құт» кітабын тарту етті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *