Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де
«Күншуақ” жазғы сауықтыру лагерінде балалар арасында сурет байқауы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – жас ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттап, зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Байқауға лагерьдегі әр жас тобынан балалар белсене қатысып, өз туындылары арқылы нашақорлықтың зияны мен салауатты өмірдің маңыздылығын сурет арқылы жеткізуге тырысты. Бұл байқау балалардың өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыруға және қоғамдағы маңызды мәселелерге бейжай қарамауға ықпал етті.
#НашақорлыққаЖолЖоқ
#СалауаттыӨмірСалты
#КүншуақЛагері
#ЖазғыЛагерь2025
