Оқушыларға бала құқықтары туралы түсінік бере отырып, жастай жұмыс істеп, өз еңбегін заңсыз пайдалануға болмайтынын ұғындыру. Баланың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін еңбек түрлеріне қарсы көзқарас қалыптастыру, олардың құқықтарын қорғауға бағытталған саналы ой туғызу мақсатында 9 сынып оқушылары эссе жазды.Оқушылар “Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ” тақырыбында эссе жазу арқылы бала құқықтарының маңыздылығын, олардың білім алуға, демалуға, еркін дамуға құқығы бар екенін ашып көрсетті.
#ҰАН2025_09
#НИК2025_09
