Skip to content

📅 4 Маусым – Мемлекеттік рәміздер күні 🇰🇿 Бүгін “№5…

📅 4 Маусым – Мемлекеттік рәміздер күні

🇰🇿 Бүгін “№5 жалпы білім беретін мектеп”жанындағы жазғы лагерьде Рәміздер күніне арналған патриоттық іс-шара өтті.

🎶 Шара Мемлекеттік Гимнді орындаудан басталды. Балалар сап түзеп, Отанға деген сүйіспеншіліктерін паш етті.

💃🕺 Одан кейін лагерь ауласында патриоттық флешмоб ұйымдастырылып, балалар бірлікті, достықты қимылмен жеткізді.

🎨 Сонымен қатар, «Менің туым», «Елтаңбам — елдігім» тақырыптарында сурет салу байқауы өтті. Әр бала өз шығармашылығы арқылы еліміздің рәміздеріне деген құрметін көрсетті.

🇰🇿 Мемлекеттік рәміздер – біздің Тәуелсіздігіміздің, тұтастығымыздың, елдігіміздің белгісі. Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың бойына патриоттық рух ұялатып, мемлекетке деген құрметін арттырады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *